Қостанайдағы сот: «Қаны аққан әйелім ішімдік сұрады, мен құйып бердім»

Қостанай облысында әйелі мен 16 жастағы ұлын өлтірді деп айыпталған ер адам сотта сол түні болған оқиғаның жай-жапсарын баяндады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға өткен жылдың қыркүйегінде болған. Мәйіттерді олардың қызы тапқан. Жанжалға ерлі-зайыптының ажырасуы және әйелі Светлананың басқа ер адаммен қарым-қатынасы себеп болған. Сотталушы Максим Нечаев 21 қаңтардағы отырыста өз нұсқасын айтып берді.

Оның сөзінше, ол отбасынан бөлек тұратын өз бөлмесінен пышақ алып, бақшадан жинаған көкөністерді көтеріп, әйелімен сөйлесуге барған. Сол кездегі шудан ұлы Даниил оянып кетіп, екеуінің арасында жанжал тұтанған.

«Ол маған бұрылып, орнынан атып тұрды да, «мама» деп айқайлап, бірден маған қарай ұмтылды. Мен тіпті үлгермедім, ол маған қарай ұшып келіп: «Сен немене, ақымақсың ба?» деді. Оның сондай сөзі бар еді, телефонда ойын ойнағанда солай сөйлейтін. Мен жауап беріп те үлгермедім, себебі ол бір жақтан, әйелім де орнынан атып тұрып, маған бірдеңе лақтырды. Ұлым менің аяғымнан қолымен ұрды», — деді Нечаев.

Айқайдан Светлана да оянған. Ол күйеуіне телефонын лақтырған. Бұған жауап ретінде Нечаев оның бетінен қолымен ұрғанда, әйелі төсекке құлаған.

«Ол «Сен не, Даньканы өлтірдің бе?» деп айқайлады. Мен алдымен төсектің шетіне отырдым, сосын бір аяғымды оның үстіне асып міндім. Сол кезде өзімді бақылай алмай, есімді білмей, оның кеудесі мен бүйіріне үш рет пышақ салдым», — деп нақтылады сотталушы.

Осыдан кейін Нечаев жатын бөлмеден шығып кеткен, бірақ сәлден соң тұнба ішу үшін қайта оралған. Сол кезде Светлана әлі тірі болған. Сотталушының айтуынша, қаны сорғалап жатқан әйелі одан ішімдік сұраған.

«Ол маған бір түрлі көзбен қарап… «Берші» дегендей болды. Мен жанына барып, тамағына бір ұрттам құйып бердім», — деді айыпталушы.

Қазір сот процесі жалғасып жатыр, айғақты заттар зерттелуде.

Фото: «Наша газета»

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика