Фото: Pixabay
Қостанай облысында қатты аяз бен желдің күшеюіне байланысты 2026 жылғы 22 қаңтарда бірқатар елді мекендерде бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту режиміне көшірілді. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.
Қостанай қаласындағы колледждерде бірінші ауысымда оқитын 1–2 курс студенттері онлайн форматта білім алуда. Ал 3–4 курс студенттерін қашықтан оқытуға көшіру мәселесін оқу орындарының басшылары өздері шешеді.
Сондай-ақ қолайсыз ауа райына байланысты Қостанай қаласы мен Білім бөліміне қарасты елді мекендердегі мектептердің 1–11 сынып оқушылары бірінші ауысымда қашықтан оқуға ауыстырылды.
Алтынсарин және Бейімбет Майлин аудандарында да ауа температурасының -30°C-қа дейін төмендеуіне байланысты 0–11 сынып оқушылары үшін сабақтар онлайн форматта өтуде.
