Фото: Ақорда
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл келісімнің түпкі мәнін түсіну үшін оның атауына назар аударуымыз керек. Авраам, яғни, Ибраһим дін тарихында иудаизм, христиан және ислам діндеріне ортақ пайғамбар болып есептеледі. Еліміз бүкіл адамзатты біріктіретін құндылықтарға арқа сүйеуге тиіс. Біз түрлі халықтар мен дін өкілдері арасында татулық болғанын қалаймыз. Сол себепті, осы келісімге қосылғанымыздың мән-мағынасы ерекше, бұл шешім еліміздің халықаралық беделіне оң серпін береді, – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылғаны хабарланған болатын.
