Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұл – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органның бесінші басқосуы. Құрылтайдың негізгі мақсаты – қоғамдық пікірді ескере отырып, ел дамуының өзекті мәселелері бойынша идеялар мен ұсыныстарды әзірлеу.
Жиынға еліміздің әр өңірінен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, сарапшылар, саясаткерлер мен азаматтық белсенділер қатысып жатыр. Олар билік пен халық арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған маңызды бастамаларды талқылайды деп күтілуде.
Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың отырыстары тарихи маңызы зор Ұлытау мен Түркістан сияқты қалаларда өткен.
Фото: Ақорда
