СҚО-дағы қайғылы оқиға: 5 жасар қызды үйге қамап, қонаққа кетіп қалған

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіру кезінде құтқарушылар кәмелетке толмаған баланың денесін тапты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 18 қаңтар күні кешке Ольшанка ауылында болған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде, үй толығымен жанып, шатыры опырылып түскен. Жалынды сөндіру барысында қызметкерлер үйінді арасынан баланың денесін тапқан.

«Алдын ала болжам бойынша, өрт пешпен жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуынан шыққан», — деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Qazaqstan Media басылымының жазуынша, ересектер пеш жағып, бес жасар қызын үйде жалғыз қалдырып, есікті сыртынан құлыптап, қонаққа кеткен болуы мүмкін. Қазір марқұмның анасымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика