Әлемге әйгілі мультфильмнің режиссері дүниеден өтті

Коллаж: stan.kz

Disney студиясының әйгілі Арыстан патша мультфильмінің режиссерлерінің бірі, анимация саласының көрнекті өкілі Роджер Аллерс 76 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.

Қаралы хабарды 18 қаңтарда америкалық продюсер Дэйв Боссерт Facebook-тегі парақшасында жариялады. Ол Аллерсті «ерекше дарынды суретші әрі режиссер» деп атап, оны Disney анимациясының қайта өрлеу дәуіріндегі басты тұлғалардың бірі ретінде бағалады.

Роджер Аллерс Disney студиясындағы еңбек жолын 1982 жылы жарық көрген америкалық фантастикалық Трон фильміне арналған препродакшн-концепттер дайындаудан бастаған. Кейін ол Оливер және компания және Кішкентай су перісі жобаларында раскадровка суретшісі ретінде еңбек етті. Ал Сұлу мен Құбыжық мультфильмінде сюжеттік бөлімнің жетекшісі қызметін атқарып, шығармашылық қабілетін толық көрсете білді. Кейіннен ол “Арыстан патша” мультфильмінің қосалқы режиссері ретінде әлемдік деңгейдегі туындының өмірге келуіне зор үлес қосты.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика