Қазақстанның үш облысында — Шығыс Қазақстан, Абай және Қарағандыда — республикалық маңызы бар бірнеше тасжолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Шектеу жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен дизель отынымен жүретін көліктерге қатысты. Жолдар 19 қаңтар күні таңертең ашылады деп жоспарланған.
Шығыс Қазақстан облысы
Сағат 17:00-ден бастап мына жол учаскелері жабылды:
- «Өскемен – Семей» тасжолының 10-103 шақырымы (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» тасжолының 1103-1321 шақырымы (Абай облысының шекарасынан ҚХР шекарасына дейін);
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тасжолының 1013-1062 шақырымы (Глубокое ауылына бұрылыстан РФ шекарасына дейін).
Жол шамамен 19 қаңтар күні сағат 10:00-де ашылады.
Абай облысы
Сағат 17:00-ден бастап төмендегі жолдарда қозғалыс шектелді:
- «Өскемен – Семей» тасжолының 103-198 шақырымы (ШҚО шекарасынан Семей қаласына дейін);
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тасжолының 971-1013 шақырымы (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін);
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» тасжолының 1087-1103 шақырымы (Боғасқа бұрылыстан ШҚО шекарасына дейін).
Сонымен қатар, сағат 19:00-ден бастап тағы бірнеше бағыт жабылды:
- «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» тасжолының 756-1087 шақырымы (Семейден Боғасқа бұрылысқа дейін);
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тасжолының 778-967 шақырымы (Аягөзден Қалбатауға дейін);
- «Семей – Қайнар» тасжолының 8-284 шақырымы (Семейден «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» жолына дейін);
- «Семей – РФ шекарасы» тасжолының 2-113 шақырымы (Семейден РФ шекарасына дейін);
- «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» тасжолының 320-941 шақырымы (Қарағанды облысы шекарасынан Боғасқа бұрылысқа дейін).
Бұл жолдардың 19 қаңтар күні таңғы сағат 8:00-де ашылуы күтіледі.
Қарағанды облысы
Сағат 19:00-ден бастап «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» республикалық тасжолының 219-320 шақырымында (Қарқаралы қаласынан Абай облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысы тоқтатылды.
Жолдың болжамды ашылу уақыты – 19 қаңтар, сағат 8:00.
Фото: Әлеуметтік желіден
