Трамп Еуропаға шарт қойды: Гренландия сатылмаса, 10% баж салығы салынады

АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропаның бірқатар еліне Гренландияны сату туралы келісімге келмегені үшін жаңа кедендік баж салығын енгізетінін жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Жаңа шектеу 1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Ұлыбритания, Нидерланд және Финляндиядан келетін тауарларға қолданылады. Бастапқыда баж салығы 10% болса, 1 маусымнан бастап бұл көрсеткіш 25%-ға дейін өспек.

Трамп бұл шектеулер Гренландияны АҚШ-қа «толықтай сату» туралы келісім жасалғанға дейін күшінде болатынын атап өтті.

Дональд Трамп Гренландияны бақылауға алу АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен әлемдік тұрақтылық үшін аса маңызды деп санайды. Ол Қытай мен Ресейден төнетін ықтимал қауіпке тоқталып, аралды тиімді қорғауға тек Вашингтонның ғана шамасы келетінін мәлімдеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика