Фото: Pixabay
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық нәтижесінде АҚШ долларының бағамы өсті. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.
Сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа бағасы бір күнде 1,05 теңгеге қымбаттап, 512,16 теңгеге жетті. Ал Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамы 510,95 теңге деңгейінде белгіленді.
Kurs.kz дерегінше, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 512,45 теңгеден сатып алынып, 514,92 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 593,89–598,24 теңге аралығында болса, рубль 6,44–6,55 теңге шамасында саудалануда. Қытай юані 73,81 теңгеден қабылданып, 76,87 теңгеден сатылуда.
Астанадағы айырбастау орындарында долларды 511,00 теңгеден сатып алып, 518,00 теңгеден сатуда. Еуро 591,00–601,00 теңге аралығында, рубль 6,40–6,70 теңге деңгейінде, ал юань 73,96 теңгеден сатып алынып, 77,99 теңгеден ұсынылып отыр.
Айта кетейік, 15 қаңтар күнгі сауда-саттық барысында доллардың орташа бағамы 0,55 теңгеге өсіп, 510,95 теңге болған еді.
