Түркістанда әкесін ұрып-соққан ер адам 5 жылға сотталды

Түркістан облысы Жетісай аудандық соты әкесіне балағат сөздер айтып, ұрып-соққан ер адамды 5 жылға бас бостандығынан айырды, деп хаабрлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

16 қаңтарда, сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп таныды:

  • 110-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы – дәрменсіз күйдегі адамды азаптау;
  • 107-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы – дәрменсіз жағдайда тұрған адамға орташа ауырлықтағы қасақана денсаулыққа зиян келтіру.

“Сот жеңіл жазаны ауыр жазамен алмастыру арқылы айыпталушыны орташа қауіпсіздіктегі мекемеде бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті”, – деп үкімді оқыды судья.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика