Атырау әуежайында төтенше жағдай: Ұшу-қону жолағын көктайғақ басты

Атырау әуежайында ұшу-қону жолағын көктайғақ басуына байланысты бірнеше әуе рейсі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, 15 қаңтарға жоспарланған барлық кешкі рейс 16 қаңтарға ауыстырылды. Бұған ұшу-қону жолағындағы ілінісу коэффициентінің төмендеуі, яғни жолақ бетінің қатты мұз болып қатуы себеп болған.

Атап айтқанда, мына рейстердің уақыты өзгерді:

  • КС 983/984 Астана – Атырау – Астана;
  • КС 885 Алматы – Атырау;
  • КС 878 Атырау – Алматы.

Сонымен қатар, Амстердамнан Атырауға бет алған КС 904 халықаралық рейсі Ақтау қаласындағы әуежайға қонуға мәжбүр болды.

«Жолаушыларға рейстердің мәртебесін әуе компаниясының ресми сайтынан немесе мобильді қосымшасынан үнемі тексеріп отыруға кеңес береміз», — делінген компания таратқан хабарламада.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика