Еліміздің шығысында ауа температурасы -36 градусқа дейін төмендейді. Сондай-ақ солтүстік, батыс және орталық өңірлерде де қатты аяз сақталады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16 қаңтар, жұма күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -28…-30°C, күндіз -21…-23°C.
Алматыда бұлтты, қар жауады. Жел 2-7 м/с. Температура түнде -8…-10°C, күндіз -3…-5°C.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +5…+7°C.
Ақтауда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз 0…-2°C.
Ақтөбеде ашық, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -16…-18°C, күндіз -12…-14°C.
Атырауда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз -4…-6°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -12…-14°C, күндіз -10…-12°C.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с дейін барады. Ауа температурасы түнде -23…-25°C, күндіз -19…-21°C.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -32…-34°C, күндіз -22…-24°C.
Қонаевта бұлтты, қар жауады. Жел 9-14 м/с, екпіні 18 м/с жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз 0…-2°C.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -26…-28°C, күндіз -20…-22°C.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз -4…-6°C.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -33…-35°C, күндіз -27…-29°C.
Петропавлда ашық, жауын-шашынсыз. Жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -33…-35°C, күндіз -25…-27°C.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -33…-35°C, күндіз -24…-26°C.
Талдықорғанда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -14…-16°C, күндіз -8…-10°C.
Таразда көшпелі бұлт шығады, қар жауады. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -3…-5°C.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр аралас қар жауады. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +6…+8°C.
Оралда көшпелі бұлт шығады. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -18…-20°C, күндіз -12…-14°C.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -34…-36°C, күндіз -28…-30°C.
