7 жасар шөбересін зорлаған: Астаналық шалға үкім шықты

Фото: Pixabay

Астанада жеті жасар шөбересіне жыныстық зорлық-зомбылық жасаған 82 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.

Оқиға баланың туған күніне орай туыстар жиналған сәтте, үй ішінде болған. Күдіктіні қылмыс орнында отбасы мүшелері ұстаған. Аталған деректер куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ сот-медициналық сараптама мен генетикалық зерттеу нәтижелері арқылы дәлелденген.

Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі — «Жыныстық зорлық-зомбылық» бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Құқық қорғаушы Дина Смайловадың айтуынша, қыздың анасы оқиғадан кейін бірден, 2025 жылдың 5-інен 6-сына қараған түні баланы медициналық тексеруге апара жатып, NeMolchiKZ қорына хабарласқан.

Смайлованың сөзінше, отбасы ішінде күдіктінің жасы үлкен екенін алға тартып, істі сотқа жеткізбеуге үгіттегендер де болған.

«Бұл адам қылмыс жасағанын анық түсінген. Ұсталған сәтте қашып кетіп, полиция қолға түсіргенше шамамен бір тәулік бойы бой тасалап жүрген», — деді құқық қорғаушы.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика