Алматыда алдағы күндері ауа райы күрт бұзылып, қалың қар жауады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 15 қаңтардан 16-сына қараған түні басталатын қар 17 қаңтардың кешіне дейін үзіліспен жаууы мүмкін. Ауа температурасы 16 қаңтарда -5…-7°C болса, 17 қаңтарға қараған түні -11…-13°C дейін төмендейді. Күндіз сынап бағанасы -7…-9°C көрсетеді.
Қолайсыз ауа райына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері 15 қаңтардан бастап күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Негізгі жолдарға алдын ала көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Қар жауған кезде қаланы тазалауға мыңнан астам арнайы техника мен бірнеше мың жол жұмысшысы жұмылдырылады.
Сонымен қатар, қауіпті аймақтарды жедел бригадалар бақылауға алып, төтенше жағдайлар қызметі де кезекшілікке тартылды.
Фото: pexels.com
