Арктикада шиеленіс күшейді: Дания Гренландияға қосымша әскер кіргізеді

Дания Арктикадағы геосаяси шиеленіске байланысты Гренландияда әскери күштерін ұлғайтатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Ресми мәлімдемеде бұл қадамның «одақтастармен тығыз ынтымақтастықта» жасалатыны және «геосаяси шиеленістің Арктикаға да жеткені» айтылған.

Бұл шешім Ақ үйде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубионың Дания және Гренландия сыртқы істер министрлерімен кездесуінен кейін жарияланды. Кездесуде әлемдегі ең ірі аралдың болашағы талқыланған.

Сәрсенбіде Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон Данияның өтініші бойынша швед әскері Гренландияға аттанғанын хабарлады.

Стокгольмның қанша әскер жібергені және олардың нақты міндеті әзірге белгісіз. Алайда Кристерссон олардың одақтас елдер тобына кіретінін атап өтті.

«Олар Данияның «Operation Arctic Endurance» оқу-жаттығуы аясында алдағы іс-шараларға бірге дайындалады», — делінген Швеция басшысының мәлімдемесінде.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика