Украина энергетикасында төтенше жағдай жарияланды: Зеленский жаңа шешім қабылдады

Ресейдің жаппай шабуылдарынан кейін Украинаның энергетика саласында төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский арнайы кеңестен соң мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

«Ресей соққыларының салдары мен ауа райының нашарлауы ауыр болды. Жөндеу бригадалары, энергетикалық компаниялар, коммуналдық қызметтер мен Украинаның ТЖМ қызметі электр қуаты мен жылуды қалпына келтіру үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Көптеген мәселе шұғыл шешімді қажет етеді», — деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Ел басшысының айтуынша, Киевтегі жағдайды үйлестіру үшін арнайы штаб құрылады. Сондай-ақ қажетті жабдықтар мен қосымша қолдау алу үшін серіктестермен жұмыс жанданады.

Бұдан бөлек, Зеленский үкіметке коменданттық сағат ережелерін қайта қарауды тапсырды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика