Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты қаладан шығатын барлық жол қоғамдық көліктер мен дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін жабылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл шектеу уақытша енгізілген.
«Сағат 20:00-ден бастап ауа райының нашарлауына (температураның -30 градусқа дейін төмендеуі) байланысты Астана қаласынан барлық бағыт бойынша дизельді және қоғамдық көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілді», — делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар CTS көлік компаниясы № 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 327, 328, 329 қала маңына қатынайтын бағыттардың да уақытша тоқтатылғанын хабарлады.
Фото: Әлеуметтік желіден
