«Сөзінде мағына жоқ»: Танымал блогер ән айтамын деп елден сөз естіді

Фото: видеодан скрин

Блогер Сабина Мовлаева алдағы жаңа әнінен үзінді бөлісемін деп, желі қолданушыларының қатаң сынына қалды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа туындысының шағын бөлігін жариялаған болатын. Алайда көпшілік әнді бірден жылы қабылдай қоймады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Тыңдармандардың пікірінше, композицияның мәтіні түсініксіз, ал әуені блогердің қалыптасқан образына сай келмейді. Осыған байланысты әлеуметтік желіде түрлі сын пікірлер қарша жауды.

«Бәріне жымиып қарайсың ғой сен дегені несі?», «Әні біртүрлі екен», «Мынаны мамам да тыңдамайды», «Өлеңнің мәні қайда?», «Бұл шынымен ән бе?», «Жалаңаш шыға салмадың ба?», «Айгерімнің әніне ұқсайды», «Баянсұлудың стилі қатты байқалады», «Сөзінде мағына жоқ», «Жолдары бір-біріне қайшы», — деп жазды желі қолданушылары.

Кейбірі ән әуенінің бұрынғы хиттерге ұқсап кеткенін айтса, енді бір топ мәтіннің әлсіздігін сынға алды. Қазіргі уақытта Сабина Мовлаева бұл пікірлерге қатысты ешқандай жауап берген жоқ.

Айта кетейік, соңғы кездері блогер әншілік бағытта бағын сынап жүр. Дегенмен бұл жолғы шығармасы тыңдарман арасында екіұшты пікір тудырды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика