Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • «Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу»: Тоқаев құтқарушыларды марапаттап, олардың еңбегін бағалады • Қазақстан мен АҚШ маңызды келіссөздер жүргізді: Марко Рубио елге келуі мүмкін • Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасаған 13 қытайлықты елден шығарып жіберді • Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) • «Бизнес+» санатындағы үйдің сиқы осы ма? Астаналықтар BI Group-қа шағымданды • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • «Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу»: Тоқаев құтқарушыларды марапаттап, олардың еңбегін бағалады • Қазақстан мен АҚШ маңызды келіссөздер жүргізді: Марко Рубио елге келуі мүмкін • Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасаған 13 қытайлықты елден шығарып жіберді • Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) •

    Атырауда әйелді 2ГИС арқылы аңдыған ер адам жазаланды

    Атырауда әйелді 2ГИС арқылы аңдыған ер адам жазаланды

    Фото: 2gis

    Атырауда ер адам 2ГИС қосымшасы арқылы әйелді және оның балаларын аңдығаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Тергеу мәліметінше, ол танымал қосымшаның геолокация қызметін пайдаланып, жәбірленушінің қозғалысын оның кәмелетке толмаған баласы арқылы бақылаған.

    Белгілі болғандай, 2025 жылдың қыркүйегінде күдікті әйелді оның еркіне қарамастан үнемі аңдып жүрген. 5 қыркүйекте ол зардап шегушінің үйіне келіп, кіреберіс есігін тартып, терезені соққылап кеткен. Кейін бақылау әрекеттерін цифрлық ортада жалғастырған.

    Іс материалдарында көрсетілгендей, айыпталушы 2ГИС қосымшасы арқылы әйелдің кәмелетке толмаған балаларын «дос болу» сұрауларына қосып, баласының геолокациясына қол жеткізген. Осылайша отбасының қайда жүргенін анықтап отырған.

    19 қыркүйекте ол мас күйінде әрекетін жалғастырып, тағы да жәбірленушінің үйіне барып, ауласына кіріп, терезеден қараған.

    Сот үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 200 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Сондай-ақ сот шешімімен жәбірленушінің пайдасына 400 мың теңге моральдық өтемақы және өкілдің еңбекақысына төленген 200 мың теңге өндірілді, – деп мәлімдеді Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі.

    Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →