Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ТүркПА отырысында ортақ Цифрлық кодекс әзірлеу ұсынылды • Алматы облысында көпір қирап жатыр: тұрғындар әкімдіктен жөндеуді талап етті • Өскеменнің ортасында көлік қоятын орын тапшы: жаңа тұрғын үйлер кептелісті күшейте ме? • «Динара Сәтжан емес!»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіге дөрекі ескерту жасады • Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді • ТүркПА отырысында ортақ Цифрлық кодекс әзірлеу ұсынылды • Алматы облысында көпір қирап жатыр: тұрғындар әкімдіктен жөндеуді талап етті • Өскеменнің ортасында көлік қоятын орын тапшы: жаңа тұрғын үйлер кептелісті күшейте ме? • «Динара Сәтжан емес!»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіге дөрекі ескерту жасады • Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді •

    Президент «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» заңға қол қойды

    Президент «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы» заңға қол қойды

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы хабарлады. 

    Құжат бірнеше шараларды қарастырады, соның ішінде:

    тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану саласындағы лицензиялау жүйесін жетілдіру және біліктілік талаптарын айқындау;

    Ұлттық археологиялық қызметтің жұмыс істеу тәртібі мен археологиялық жұмыстарды үйлестіру құзыретін бекіту;

    археологиялық жұмыстар бойынша бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру;

    тарихи-мәдени сараптама қорытындысын ескере отырып жер учаскелерін беру тәртібін нақтылау;

    археологиялық олжалар мен материалдарды табыстау, сақтау және пайдалану тәртібін, Ұлттық депозитарий құру арқылы реттеу;

    жоспарлы және жоспардан тыс археологиялық жұмыстарды бөлу және оларды жүргізуге біркелкі талаптар енгізу.

    Аталған өзгерістер археологиялық қызметті жүйелеуге және тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →