Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,6 529,6 5,26
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды Тоқаев Лаос президентін әуежайдан шығарып салды (ВИДЕО) «Сенуге тұрмайтын адам»: Баян Алагөзова бірнеше рет ажырасқан Мөлдір Әуелбекова жайлы пікір білдірді «Неге жармассақ, Құдай сонымен сынайды»: коуч Құралай өміріндегі қиыншылықтары туралы айтты (ВИДЕО) Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелден алма әкелуге уақытша тыйым салды Қарағанды облысында үйлердің бірінің аумағынан жылан шықты (ВИДЕО) Шымкентте пойызға тас лақтырған жасөспірімдер ұсталды Тоқаев Лаос президентін әуежайдан шығарып салды (ВИДЕО) «Сенуге тұрмайтын адам»: Баян Алагөзова бірнеше рет ажырасқан Мөлдір Әуелбекова жайлы пікір білдірді «Неге жармассақ, Құдай сонымен сынайды»: коуч Құралай өміріндегі қиыншылықтары туралы айтты (ВИДЕО) Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелден алма әкелуге уақытша тыйым салды

    «Алғашқы эфирі»: Төреғали Төреәлінің әйелі ерекше қызымен ел алдына шықты

    «Алғашқы эфирі»: Төреғали Төреәлінің әйелі ерекше қызымен ел алдына шықты

    Фото: видеодан скрин

    Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында бұрын көп көрсетпейтін жанын алғаш рет таныстырып, ерекше контент түсіріп жатқанын айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ол желіге Төреғали екеуінің алғашқы перзенті – Кәусарды шығарып, 10 жасар қызының мүмкіндігі шектеулі екенін жасырмайтынын атап өтті.

    “Ерекше баланы ана жүрегімен, еш шартсыз махаббатпен қабылдағанда, бүкіл әлем де сол балаға құшағын ашады. Ал сіз өз ерекше перзентіңізді қабылдай алдыңыз ба?”, – деп жазды Толқын.

    Оның айтуынша, Кәусар сөйлей алмағанымен, ишара арқылы ойын еркін жеткізе алады. Қыдыруды, сыртқа шығып тамақтануды жақсы көреді, тіпті боянып алатын да қабілеті бар.

    Желі қолданушылары бұл жазбаға сүйіспеншілікке толы пікір қалдырып, жылы лебіздерін жолдап жатыр.

    “Алланың қалауымен толықтай сауығып, бұдан да жайнап жүрсін, Кәусартай”, “Кәусар өте ашық, көңілді қыз екен. Алғашқы эфирімен құттықтаймыз! Анасынікі де тамаша сұхбат”, “Осындай күлімдеген сәттердің артында қаншама ұйқысыз түндер, дұға, көз жасы бар ғой. Екі дүниеде бақытты болыңыздар!”, – деп жазуда желідегілер.

    Айта кетейік, Төреғали мен Толқын – көпбалалы ата-ана.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →