Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 31 тамыз 2026 $ 464,4 538,3 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы Халық Ақтөбе әуежайының алдындағы шұрық-тесік жолға наразы Ақтауда бесінші қабаттағы пәтердің дәретханасынан кесіртке шықты Атырауда балкон опырылып түсті: тұрғындар адам мерт болуы мүмкін екенін айтуда Басынан бөтелкемен ұрған: Оралдағы клубта жігіт қызды аяусыз ұрып-соққан Төрт рет кейінге қалған жекпе-жек: Қуат Хамитов ресейлік «Атаманмен» кездеседі «Бір адам хабарласып, көмек қолын созбады»: Шарджада екі қызынан айырылған отбасы СІМ жұмысына наразы Халық Ақтөбе әуежайының алдындағы шұрық-тесік жолға наразы Ақтауда бесінші қабаттағы пәтердің дәретханасынан кесіртке шықты Атырауда балкон опырылып түсті: тұрғындар адам мерт болуы мүмкін екенін айтуда Басынан бөтелкемен ұрған: Оралдағы клубта жігіт қызды аяусыз ұрып-соққан

    Түркістан облысындағы өрттің алдын ала себебі белгілі болды

    Түркістан облысындағы өрттің алдын ала себебі белгілі болды

    Фото: видеодан скрин

    Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Айнабеков Jibek Joly эфирінде айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Алдын ала болжамға сәйкес, өрттің шығуына электр жабдықтарының ақауы себеп болуы мүмкін.

    «Өрт сынақ зертханасы сараптамасының қорытындысы дайын болған жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын қосатын желілік фильтрдің ақауы», – деді ол.

    Айта кету керек, бұған дейін Вице-премьер Қанат Бозымбаев Жетісайдағы өрт туралы баяндама жасағанда қылмыстық құрам жоқ екенін мәлімдеген болатын. Өрттен аман қалған үш науқас Астанаға немесе Шымкентке жеткізілуі мүмкін екенін айтқан.

    Түркістан облысы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртке оранған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →