Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 28 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    826 адам жоғалған: Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 353-ке жетті «Хиджабын шешкені дұрыс болды»: Айдана Меденова ұлттық образымен елді сүйсіндірді (ВИДЕО) Астанада құрылыс алаңында кран құлап, краншы қаза тапты Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева кадеттер арасында әлем чемпионы атанды Қазақстандағы баспана бағасы 2026 жылғы маусымда қалай өзгерді Түркістан облысында жалған нөмірлі Toyota Camry ұсталды 826 адам жоғалған: Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 353-ке жетті «Хиджабын шешкені дұрыс болды»: Айдана Меденова ұлттық образымен елді сүйсіндірді (ВИДЕО) Астанада құрылыс алаңында кран құлап, краншы қаза тапты Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева кадеттер арасында әлем чемпионы атанды Қазақстандағы баспана бағасы 2026 жылғы маусымда қалай өзгерді Түркістан облысында жалған нөмірлі Toyota Camry ұсталды

    «Бәріне еңбекпен жетуіміз керек»: Александр Усик Жәнібек Әлімханұлына ақылын айтты (ВИДЕО)

    «Бәріне еңбекпен жетуіміз керек»: Александр Усик Жәнібек Әлімханұлына ақылын айтты (ВИДЕО)
    Фото: x.com/qazaqstyle

    Желіде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы украиналық үздік боксшы Александр Усиктің ақылын айтып, жөн сілтеп жатқан видеосын жүктеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Усиктің айтуынша, барлық нәрсеге қажырлы еңбек арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ал қалғанының бәрі бекер.

    «Ақша себеп қана, еңбек бастысы. Біз бәріне еңбекпен жетуіміз керек. Қанша еңбектенсек, уақытында күшімізді жұмсасақ нақты бір нәтижеге қол жеткіземіз. Біз үнемі жаттығуымыз мүмкін, көп күш жұмсауымыз мүмкін, бірақ нақты бір мақсат болмаса бәрі бекер. Бірақ біз көп жағдайда асығыстық жасаймыз. Ақырын жүріп, анық басуымыз керек. Әрнәрсе өз уақытында болады! Саған бұйыратын нәрсе 1 минутқа да кешікпейді!», — деді Усик.

    Ал желі қолданушылары Жәнібек Әлімханұлының даңқты боксшы Усиктің ақылын тыңдап, кеңесін алғанына қуанып, жылы лебіздерін жаудырған.

    «Қазақтарды әрқашан қолдап жүресіз Усик мырза, сізді қазақ елі қолдайды», «Усиктің жолын берсін Жәнібекке», «Жәнібек бауырым Алла жар болсын!», деп жазды көпшілік.

    Александр Усик – аса ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы. Ол британиялық Тайсон Фьюриді (34-1-1, 24 КО) жеңіп, дивизиондағы барлық белбеудің басын біріктірді. Ал реванш биылғы қазан айында өтуі тиіс.

    Ал Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы.

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly)

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →