Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    ChatGPT жаңарады: GPT 5 іске қосылады

    ChatGPT жаңарады: GPT 5 іске қосылады

    Фото: medium.com

    7 тамыз күні, Астана уақытымен сағат 22:00-де OpenAI компаниясы көптен күткен GPT‑5 моделін ресми түрде таныстырды. Жаңа буын модель бірден үш нұсқада шығады: стандартты, mini және nano, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    GPT‑5 Nano жеңіл әрі арзан шешім. Ол тек API арқылы қолжетімді болады және тез, қысқа жауап қажет ететін қолданушыларға арналған. Mini нұсқасы жеңілдетілген функционал ұсынады, ал стандартты GPT‑5 әмбебап әрі көпфункциялы жүйе. Бұл нұсқа кең ауқымды тапсырмаларға лайық: тез жауап беру де, терең аналитика жасау да қолынан келеді. Ең озық функциялар тек Plus және Pro жазылымына қосылғандар үшін ашық.

    Жүйе қолданушының сұранысын өзі талдап, қысқа жауап беру мен толыққанды талдау жасау режимдерін автоматты түрде таңдай алады. Бұған дейінгі модельдерде де болған «Think Longer» функциясы сақталып, күрделі тапсырмаларда жүйенің «ұзағырақ ойланып» жауап беруіне жол ашады.

    GPT‑5 моделін дайындау кезінде OpenAI «Universal Verifier» деп аталатын тексеру модулін қолданған. Ол жауаптардың дұрыстығын қадағалап, қажет болған жағдайда оларды нақтылап береді. Бұл жүйе тек техникалық салада ғана емес, креативті мәтіндер мен бизнес талдауларда да жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

    Сонымен қатар, GPT‑5 мультимодальды мүмкіндіктерін дамытып, жауаптардың нақтылығын арттыруы және жалған ақпарат беру ықтималдығын азайтуымен ерекшеленеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →