Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды

    Елімізде жаңа мереке пайда болмақ

    Елімізде жаңа мереке пайда болмақ

    Премьер-министр Олжас Бектенов «Тұлпар күні» ұлттық мерекесін белгілеуге қатысты депутаттардың ұсынысы қосымша пысықталатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Еліміздегі жылқы саны – 4,4 млн бас. Бұл 1991 жылғы көрсеткіштен 2,5 есе жоғары.

    «Тұлпар күні» арнайы мерекесін бекітуге келетін болсақ, тиісті нормативке маусым айының екінші жексенбісі кәсіби мереке Малшылар күні ретінде белгіленгенін хабарлаймыз. Аталған мереке жылқы шаруашылығы саласының мамандарын қоса алғанда, мал шаруашылығы саласының барлық қызметкерлерін қамтиды. Биыл осы мереке аясында саланың шамамен 200 қызметкері, оның ішінде жылқы шаруашылығының 30 маманы марапатталды», – делінген Олжас Бектеновтің жауабында.

    БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес, 11 шілдеде ұйымға мүше мемлекеттерде Дүниежүзілік жылқы күні атап өтіледі.

    «Осыған байланысты «Тұлпар күні» арнайы ұлттық мерекесін белгілеу мәселесі қосымша пысықталатын болады», – деді Үкімет басшысы.

    Айта кету керек, бұған дейін депутат Аманжол Әлтай елімізде тұлпар күнін белгілеуді ұсынып, депутаттық сауал жолдаған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →