Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Трамп пен әйелі өздерінің криптовалютасын шығарды

    Трамп пен әйелі өздерінің криптовалютасын шығарды

    Фото: Голос Америки

    АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп пен оның әйелі Мелания өздерінің әзіл түріндегі криптовалютасын іске қосты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Трамптың мем монеталарының бағамы 950% өсіп, 72 долларға жетті. Президенттің криптовалюта саудасының көлемі 14,53 миллиард доллардан асты.

    Ал Трамптың әйелінің MELANIA мемкойны бір сағаттан кейін 10 000% көтерілді. Монетаның капитализациясы қазірдің өзінде 5 миллиард долларға жетті.

    «Сіз қазір $MELANIA сатып ала аласыз», – деп жазды Мелания Трамп.

    Меланияның криптовалютасы $TRUMP деп аталатын мемкойн бағасын түсіріп жіберді. Ол 36% төмендеген.

    $MELANIA-ны іске қосу аясында Bitcoin бағамы да 99 000 долларға дейін төмендеді.

    Десе де $TRUMP жұмадан бері 7000% өсті. Бұл өсім сайланған президентке миллиардтаған сома табыс әкелді.

    $TRUMP-тың нарықтық капиталы – шамамен 33 млрд доллар.

    Memcoin – бұл нақты құндылығы жоқ криптовалюта, көңіл көтеру үшін және кейде сол арқылы ақша табу үшін жасалған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →