Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Балқаш көлінде қозғалтқышы істен шыққан қайықтан екі балықшы құтқарылды • Қазақстандық гимнасттар Роттердамдағы әлем чемпионатының финалына шықты • Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Балқаш көлінде қозғалтқышы істен шыққан қайықтан екі балықшы құтқарылды • Қазақстандық гимнасттар Роттердамдағы әлем чемпионатының финалына шықты • Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды •

    Қазақстанда телефон нөмірлері eGov арқылы берілуі мүмкін

    Қазақстанда телефон нөмірлері eGov арқылы берілуі мүмкін

    Фото: ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

    Қазақстанда телефон нөмірлерін eGov арқылы беру туралы ұсыныс бар. Осы орайда алаяқтықтардың әрекетіне тосқауыл қою қадамдары тиімді болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Асхат Рақымжанов Қазақстан халқы мәліметтерінің құпиялығын сақтау, алаяқтардан қорғау мәселесіне қатысты сұрақ қойды.

    Өз кезегінде А. Оразбек министрлік SIM-карталарды сатуда тиісті шектеу енгізу жоспарланып отырғанын айтты.

    «Алаяқтар негізінен WhatsApp және әлеуметтік желілер арқылы әрекет етеді, ал ұялы байланыс операторлары WhatsApp-ты бұғаттай алмайды. Қазіргі кезде операторлар SIM-карталар мен нөмірлерді беріп жатыр. Алайда болашақта азаматтар нөмірлерді Egov.kz порталы арқылы алады. Сонымен қатар, біз бір адамның қолында болатын SIM-карталардың санын шектейміз», — деді вице-министр.

    Оның айтуынша, заңды тұлғалар жұмыс бабында пайдалануға сатып алатын SIM-карталарға қатысты нақты деректерді ұсынады. Себебі қазір нөмірлер бақылаусыз өткізіліп жатыр.

    «Таяуда министрлік осындай заңнамалық бастамалармен Парламентке келеді», — деді Асхат Оразбек.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →