Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді • Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді • Түркі әлемі ғылым академияларының басшылары ҚазҰУ-да бас қосты • «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді • Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді • Түркі әлемі ғылым академияларының басшылары ҚазҰУ-да бас қосты • «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді •

    «Өміріңізге әсер етуі мүмкін»: Айнұр Тұрсынбаева қыздардың тұрмысқа шықпай жүруінің себебін анықтағанын айтты (ВИДЕО)

    «Өміріңізге әсер етуі мүмкін»: Айнұр Тұрсынбаева қыздардың тұрмысқа шықпай жүруінің себебін анықтағанын айтты (ВИДЕО)

    Фото: instagram.com/aidyn_nury/

    Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қыздардың тұрмысқа шықпай жүруінің себебін анықтағанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ақын бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Оның айтуынша, қыздардың тұрмысқа шықпауына бала кезінде естіген сөздері әсер етеді екен.

    «Жақында маған бір жас қыз келген болатын. Жас қыз болғанда тұрмысқа шықпаған, жасы 35-тегі қыз. Сонда мен ол қыздан сұраймын, «тұрмысқа шыққың келе ме?» деп. Ол айтады: «Мен тұрмысқа шықпайтынымды анық білем», — деп. «Қайдан білесің?» десем, «Менің әжем маған «Сені бай да алмайды, Құдай да алмайды» деп айтқан болатын» дейді. Былай қарап тұрсақ, бір-ақ ауыз сөз. Адам соны өзіне қабылдап тұр», — деді Айнұр Тұрсынбаева.

    Айтыскердің айтуынша, сөздің құдіреті қыздардың ғана емес, жалпы адамдардың өмір жолына көп кедергі келтіреді.

    «Сол сияқты білесіздер иә, бір-ақ ауыз сөздің кесірінен қанша отбасы ажырасып кетіп жатыр, қанша адам ішіп кетеді, қанша адам өсіп кетеді, қанша адам өшіп кетеді. Бір-ақ ауыз сөз көбінесе сіздің өміріңіздің астан-кестеңін шығарып жіберуге жеткілікті. Сол сияқты кішкентай кезіңізде сіз естіген «бай болғанша басың аман болсын» деген сөздің өзі де сізге өмір бақи әсер етуі мүмкін немесе «тұқымың тұздай құрысын» деп айта салатын ауыр сөздер бар. Ол да сіздің өміріңізге әсер етуі мүмкін. Сіз дәл қазір ойланып, қарап көріңізші, сіздің өміріңізге ең қатты әсер еткен кімнің сөзі? Осыны ойлап көріңіз. Сіз өзіңіздің проблемаларыңызды жайлап тауып аласыз», — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →