Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды • Алматының бұрынғы урбанистика басшысына жаңа үкім шықты • Омбыда қазақстандық жүргізуші 27 млн теңгелік темекімен ұсталды • «Бёрнли» Сатпаевпен бірге Чемпионшипте «Вулверхэмптонға» есе жіберді • Қостанай облысында мас күйінде көлік басқарған ер адамға 1 жыл 9 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілді • Дәрігер: ұзақ өмір сүру генетикаға да, күнделікті әдеттерге де байланысты • Алматының бұрынғы бас сәулетшісі Ахмеджанов 9 жылға сотталды • Алматының бұрынғы урбанистика басшысына жаңа үкім шықты • Омбыда қазақстандық жүргізуші 27 млн теңгелік темекімен ұсталды •

    «Блогерлер мен әншілер кино түсіре бастады»: Жанболат Найзабеков кино саласына бет бұрды

    «Блогерлер мен әншілер кино түсіре бастады»: Жанболат Найзабеков кино саласына бет бұрды

    «Өнер қырандары» театры арқылы халыққа танылған актер Жанболат Найзабеков киноиндустрияға бет бұруға не түрткі болғанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, он жыл бойы кино түсіруді ойланып келген.

    «Мамандығым – театр және кино актері. Бала күнгі арманым театр сахнасында ойнау және кино түсіру болған. Театр сахнасында ойнап жүрмін, бірақ жүрек түкпірінде кино түсірсем деген арман болды. Бұл оймен он жыл жүрдім. Өзім продюсер болып, сол киноға өзім түссем деген арман болды», — дейді актер.

    Найзабеков басқа продюсерлер түсірген киноға түсуден гөрі өзі киносын шығаруды мақсат еткенін, соған жетуге әрекет жасағанын айтты. «Айналама қарадым. Блогерлер, әншілер кино түсіре бастады. Олардың кино түсіргені маған мотивация болды, біржағынан. «Олар жасағанды неге Жанболат жасай алмайды?» деген ой келді», — деді Динара Сәтжанға берген сұқбатында актер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →