Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 26 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Әнші Алтынбек Тәшімбетовті полиция ұстады

    Әнші Алтынбек Тәшімбетовті полиция ұстады

    Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына ұрып-соғу белгілері бар, ішкиіммен ғана жүрген ер адам жеткізілді. Ол қазақстандық шоу-бизнес өкілі Алтынбек Тәшімбетов екені белгілі болды. Бұл туралы Kozachkov offside Telegram-арнасы жазды.

    «Жедел жәрдеммен жеткізілген әнші қабылдау бөлмесінде жанжал шығарып, ресепшндегі әйнекті сындырған. Онымен қоймай, кезекші медбикені де балағаттаған. Шоу-бизнес өкілін шақыртуға келген полицейлер сабасына түсірген», – делінген ақпаратта.

    Полиция департаменті әнші Алтынбек Тәшімбетовтің әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сот алдында жауап беретінін хабарлады.

    Фото: t.me/kozachkow

    Оның заңсыз әрекеттері екі бап бойынша рәсімделді. Қоғамдық орында мас күйінде пайда болуы (ӘҚБтК 440, ең жоғары жаза – 5 АЕК айыппұл) және медицина қызметкерлеріне құрметсіздік таныту (80-1-баптың 2-бөлігі).

    Екінші жағдай бойынша әртіс 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →