Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 457,3 533,4 5,45
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Тұрмысқа шықпаймын деп ашуланып айттым — Әбиба Әбужақынова

    Тұрмысқа шықпаймын деп ашуланып айттым — Әбиба Әбужақынова

    Фото: А.Мұқанова/Kazinform

    Париж Олимпиадасынан елге оралған дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

    «Ыстық ықыласпен күтіп алғандарыңызға рақмет. Осы жолы 5-орынмен қайттым. Алдағы жарыстарда көк туымызды биіктен желбіретуге уәде беремін. Менің жақсы күресіп келе жатқаныма 2 жыл ғана болды. Қалған қарсыластарым бұрыннан жүлдегер болып жүрген қыздар. Тағы да 4 жыл маған тәжірибе жинауға жетеді деп ойлаймын. 48 келіде қаламын», — деді спортшы.

    Қазақстандық дзюдошы ел намысын осы жылдың қазан айында Абу-Дабиде қорғамақ.

    «Қазанның 13 күні Әбу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде күресемін. Оған 2 ай бар. Бұйырса 2 аптадай демалып, қайтадан жаттығуға ораламын. Бірақ Олимпиада кезінде шағын жарақатым болды», — дейді ол.

    Сондай-ақ дзюдошы қыз жеке өміріне байланысты сұрақтарға да жауап берді.

    «Келесі Олимпиадаға дейін тұрмыс құру маған кедергі емес. Тұрмысқа шықпаймын деп ашуланып айттым. Бұл туралы әлі ойланып көремін», — деді Әбиба Әбужақынова.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →