Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Құсбегіліктен Қазақстан қоржынына екі медаль түсті

    Қарағандыда балалар бассейнін салуға бөлінген 130 млн теңгеден астам ақша жымқырылған

    Қарағандыда балалар бассейнін салуға бөлінген 130 млн теңгеден астам ақша жымқырылған

    Фото: Pixabay 

    Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі тергеуде, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған.

    Кешенді сот құрылысы-экономикалық сараптамасының, сот-экономикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, мемлекетке орындалмаған жұмыстар мен жеткізілмеген материалдардан тұратын 130 млн теңгеден астам залал келтірілген.

    Аталған азамат ұсталып, оған қатысты сот «үй қамақа  алу» шарасын қолданды.

    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

    ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →