Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсті • Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ы әйелдер — ЕҚЫҰ сессиясында айтылды • Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық оптикалық кабель іске қосылды • Пәкістанда мектеп шатыры опырылып, 28 бала мен екі мұғалім қаза тапты • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсті • Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ы әйелдер — ЕҚЫҰ сессиясында айтылды • Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық оптикалық кабель іске қосылды • Пәкістанда мектеп шатыры опырылып, 28 бала мен екі мұғалім қаза тапты •

    Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концертіне 50 елден 9 мыңнан астам көрермен жиналады

    Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концертіне 50 елден 9 мыңнан астам көрермен жиналады

    Билет операторының мәліметі бойынша, Димаш Құдайбергеннің Астанадағы STRANGER атты жеке концертіне тек қазақстандықтар ғана емес, Азия, Еуропа, Африка, Солтүстік және Оңтүстік Американың 50 елінен 9 мыңнан астам көрермен жиналатыны туралы хабарлайды.

    Қазақ мәдениетіне деген осындай ерекше қызығушылық болғанына біз шын жүректен қуаныштымыз. Көпшіліктің сұранысы бойынша STRANGER шоуы 13 қыркүйекте ғана емес, сонымен қатар келесі күні де өтетіні туралы қуанышты хабармен бөлісеміз.

    «Сіздерді 13 және 14 қыркүйекте «Astana Arena» стадионына шақырамыз. Музыка арқылы бірлік пен татулық көңіл күйін қалыптастыру үшін қолдарыңызда өз мемлекеттеріңіздің шағын туын немесе мемлекеттік рәміздер нышанын ұстап жүрсеңіздер — Димаш шығармашылығына деген құрметтің ерекше белгісі болар еді.

    Жақында екінші концерттің билеттері сатылымға шығады. Біздің сайтты бақылап отырыңыздар» деді ресми билет сатушы оператор Ticketon.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →