Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Салман Рушди: «Ыстық мұз» тағдыры және Чеховтың «Шағаласы» • СІМ Эр-Рияд әуежайына шабуылда қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады •

    Қазақстанда InDrive такси жүргізушілеріне ұзақ қашықтыққа жүруге тыйым салынбақ

    Қазақстанда InDrive такси жүргізушілеріне ұзақ қашықтыққа жүруге тыйым салынбақ

    Фото: pixabay

    Көлік министрі Марат Қарабаев InDriver жүргізушілеріне қойылатын талап қатаңдатылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Мынадай бір ұсынысымыз бар. Оң рульді көлікті InDriver-ге мүлдем тіркелуге хақысы жоқ деген. Өйткені, бізде жол-көлік оқиғаларының көбі оң рульді көліктердің қатысуымен болады. Мысалы, Alphard-тар басында оң рульді болған, кейін сол жаққа істелінген. Олар қолмен жасалған көліктер ғой. Оларды да InDriver-ге тіркеуге мүмкіндігі болмайды деп отырмыз. Бұдан бөлек екі қаланың арасында тұрақты қатынайтын автобустар 2020 жылдан кейін жоғалып кетті. Қазір халық автобусқа мінбей жатыр, бәрі InDriver-мен жүріп жатыр. Ол ыңғайлы, себебі үйлерінен алып кетеді», — деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

    Осыған байланысты министрлік екі шараны қарастыруды көздеп отыр.

    «Біріншісі Сенат қабылдап жатқан «орташа жылдамдық» туралы заң. Яғни бір нүктеден екінші нүктеге жету үшін орташа жылдамдықты асырмау керек, одан көп болса, автоматты түрде айыппұл келеді. Нәтижесінде жеңіл көлік пен автобустардағы орташа жылдамдық бірдей болады деп ойлап отырмыз. Сондықтан халық қайта автобусқа өте ме деген ой бар. Екінші ұсыныс – басқа елдерде InDriver сияқты агрегаттардың қалалардың арасында қатынауға рұқсаты жоқ. Мысалы, бізде де 50 шақырымға дейін болады, одан әрі қатынауға болмайды деген», — деп атап өтті Марат Қарабаев.

    Ведомство басшысы жол апатының дені жылдамдықты қатты асырғаннан, жүргізушілердің күні-түні демалмай бір қаладан екінші қалаға жолға шығуынан деп отыр.

    «Біржақты шешім қабылдамаймыз. Бұл тек ұсыныстар», — деді Көлік министрі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →