Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсті • Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ы әйелдер — ЕҚЫҰ сессиясында айтылды • Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық оптикалық кабель іске қосылды • Пәкістанда мектеп шатыры опырылып, 28 бала мен екі мұғалім қаза тапты • Рэпер NAVAI есірткі ісі бойынша Тараздағы тергеу изоляторына жеткізілді • Төсек қатынасының сапасын арттыратын қарапайым әдеттер • «Қайрат» УЕФА Конференция лигасында Латвияның «Рига» клубымен 1:1 есебімен тең түсті • Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің 56%-ы әйелдер — ЕҚЫҰ сессиясында айтылды • Каспий түбімен тартылған 380 шақырымдық оптикалық кабель іске қосылды • Пәкістанда мектеп шатыры опырылып, 28 бала мен екі мұғалім қаза тапты •

    «Күйеуім басымды жарып, бензин құйып өртемек болды»: Блогер Ырысбала Икрамбай зорлық-зомбылық көрген әйелдердің хикаясын жариялады

    «Күйеуім басымды жарып, бензин құйып өртемек болды»: Блогер Ырысбала Икрамбай зорлық-зомбылық көрген әйелдердің хикаясын жариялады

    Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

    Мұқтаж отбасыларға баспана сыйлап жүрген Ырысбала Икрамбай күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдердің оқиғасын баяндап берді. Бұл туралы Qazaq.today сайты Stan.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

    Желі жұлдызы әлеуметтік желідегі оқырмандарына енесі туралы естелігін жазған адамға 50 мың теңге сыйлық беретінін хабарлаған. Оқырмандарынан күтпеген хаттар алған блогер қазақ әйелдерінің жай-күйіне ашуланып кетсе керек, қыз-келіншектерге үндеу тастады.

    “Жолдасым ішіп келіп, ұрып, басымды жарған. Қанын жуайын деп шықсам, бір бөтелке бензин құйып, үстіме түгел шашып, сіріңке жағайын деп тұрғанда енем мені етегінің астына тығып «Бірінші мені өрте! Мен өлсем, артымда мені жоқтап, шелпек пісіріп, Құран бағыштап отыратын сен емес, осы келінім, келінім демеймін, қызым бұл менің» деген. Енемнің ең тәтті сөзі осы болатын», – деп хат жазған оқырманының жағдайын талқылады.

    Блогер қазақ әйелдерінің қорғансыздығына ашуланып, оқырманына кеңес берді.

    “Осы неге біз, әйелдер қауымы сондай сорлымыз? Кінәміз не? Әйел болып өмірге келгеніміз бе? Ішсе де, тышса да неге басымызды жарғызып, одан сорақысына жол береміз? Тағы әйел кінәлі бола ма? Ұрса ұрыңдар, тепсе тебіңдер! Таяғын жеп жүрмеңдер! Еркек болса да, басқа болса да. Әлің келмейді ме, заң қызметкерлерін шақыр. Мейлі, бетпақ бол, көкбет бол, таяқ жеме. Айтқан адам айта берсін. Ертең таяқ жеп өлсең сол айтқандар өтірік жылап, артынан палау жеп отырады түк болмағандай. Сені қан жоса қылып ұрған адаммен қайта бір төсекте жатудың өзі өлімнің бір түрі шығар», – деп жазды блогер.

    Еске салайық, Ырысбала Икрамбай бақсы-балгерлерге ескерту жасап, құзырлы органдарға жүгінетінін айтқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →