Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің зорлығынан зардап шекті Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Атырау облысында жүкті әйел күйеуінің зорлығынан зардап шекті Леңгірде 63 жастағы әйелді белгісіз біреулер соққыға жықты Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды

    19 жастағы қазақстандық курсант Ресейде өлі табылды

    19 ақпан күні кешке Ф.Э.Дзержинский атындағы Ұлттық ұлан әскерлерінің Саратов Әскери Қызыл Ту институтында Қазақстаннан барған 19 жастағы курсант өлі күйінде табылды. Бұл туралы Саратовтың бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме беріп.

    Қайғылы жағдай сағат 19:00-де болған. Жігіттің денесі оқ жарақатымен табылған. Оған дейін, сағат 18:00 шамасында, жас жігіт Калашников автоматымен кезекшілікке келген. Біраз уақыттан кейін солдаттар қару-жарақты сақтау бөлмесінің алдында тараған, содан кейін курсанттар мылтықтарды тапсырулары керек болған.
    Алайда курсанттардың бірі кептіру бөлмесіне кіріп, сол жерде қарудан атылған оқтың дауысы шыққан. Қайғылы жағдай абайсызда болған болуы мүмкін.

    «Бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайлары нақтыланып жатыр»,-деп түсіндірді «Саратов 24» телеарнасының тілшісіне Росгвардия өңірлік басқармасының баспасөз қызметі.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →