Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды Қостанай облысындағы жол апаты: мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақта 42 градус ыстық, найзағай мен бұршақ күтіледі Атырау облысында жүкті әйелді күйеуі ұрып-соққан: зардап шегуші жазалауды талап етеді Жол апаты ұрлау мен кісі өлтіруге ұласты: Шымкентте сот басталды Қазақстан СІМ басшысы Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады Риддерде кәмелетке толмаған қызға зорлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

    Түркиядағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 38 мыңнан асты

    Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 38 мыңнан асты. Бұл туралы  Түркияның Төтенше жағдайлар жөніндегі үкіметтік басқармасы мәлімдеген, деп хабарлады Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап.

    «Соңғы ақпаратқа сәйкес, Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурф, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османие, Хатай, Килис, Малатье және Элазигте барлығы 38 044 адам (жер сілкінісінен) қаза тапты. Өңірде алғашқы жер сілкінісінен бері 4,7 мыңнан астам жерасты дүмпуі болды», — деп хабарлады ведомство.

    Айта кетейік, Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді. ҚР Үкіметі апат болған алғашы күні-ақ Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жөнелткен болатын.

    Сондай-ақ Мемлекет басшысы шұғыл жәрдем ретінде 1 миллион доллар бөлінетінін хабарлады. Бұдан бөлек, қазір зілзала болған аймақта қазақстандық құтқарушылар да адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал қазақстандық еріктілер Кахраманмараш қаласында 100 қазақ үйін тігіп жатыр.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →