Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек табысталды • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек табысталды • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды •

    33 млн теңге: Шымкент мектептеріне айыппұл салынды

    Cанитарлық талаптарды сақтамаған Шымкент мектептеріне 33 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме беріп.

    Otyrar.kz порталының жазуынша, санитарлық талаптарды орындамау деректері 183 оқу орнында анықталған. Атап айтқанда, тазалық жұмыстарының жиі жүргізілмеуі, мүліктердің таңбаланбауы және сынған парталардың қолданылуы сынды кемшіліктер жиі кездескен. Кейбір мектептерде кабинеттердегі жанып кеткен шамдар уақтылы ауыстырылмаған. Айыппұлдың жалпы сомасы 33 млн теңгені құрады.

    Сондай-ақ, СЭС қызметкерлері 17 емдеу-алдын алу мекемелерін, сумен жабдықтау объектілерін және 13 өнеркәсіптік объектілерді тексерді.

    «Санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың анықталған бұзушылықтары бойынша тексерулер жүргізу кезінде 529 жауапты тұлғаға жалпы сомасы 83 611 245 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Барлық айыппұлдар өндірілді. Анықталған бұзушылықтарды жою үшін 350 ұйғарым берілді», – деді Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов.

    Ахметовтың айтуынша, қазір барлық кемшіліктер жойылып, айыппұлдар төленді. 2022 жылы СЭС тұтынушылар тарапынан шағымдардың көбеюіне байланысты мектептерге жоспардан тыс 54 тексеру жүргізген.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →