Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек табысталды • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Қостанайлық алаяқтарға алданған азамат 1 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек табысталды • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды •

    Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

    Елімізде Мемлекеттік қызметшілер күні деген жаңа мереке пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

    Тиісті Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Оған сәйкес, 15 сәуірді Мемлекеттік қызметшілер күні ретінде атап өту ұсынылады.

    Құжатты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірлеген.

    Түсіндірме жазбада мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жалпы саны шамамен 20 мың адамды құрайтыны атап өтілген. Олар Қазақстанның барлық аймағында, соның ішінде ең шалғай аудандарда да жұмыс істейді.

    «Алайда бүгінде мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің болмауына байланысты олар өздерін кәсіби қоғамдастықтың бір саласына жататынын сезіне алмай келеді. Мерекенің болуы корпоративтік мәдениеттің одан ары дамуына ықпал етеді», — делінген ЦДИАӨМ хабарламасында.

    Құжат жобасы 2023 жылдың 1 наурызына дейін қоғамдық талқылауда болады.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →