Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Алматыдағы «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды •

    «Проблемалық кредиттердің үлесі 509,1 млрд теңгеге жеткен»: Агенттік AQR нәтижелерін ұсынды

    Қазақстан банктерінде кредиттік тәуекелдің едәуір ұлғаю белгілері бар қарыздардың өсуі байқалады. Мұндай деректерді 2022 жылғы 1 қаңтардағы банк секторы активтерінің сапасын бағалау (AQR) нәтижелеріне арналған брифинг барысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратынша, барлығы 10 банк зерттелген: Халық банкі, Kaspi Bank, Jusan Bank, ForteBank, Bank RBK, Home Credit Bank, Еуразиялық банк, Нұрбанк және Altyn Bank. Бұл тізімдегі қаржы институттары банк жүйесі активтерінің 71%-ын құрайды. AQR өткізу барысында 2022 жылы 15,2 трлн теңге сомаға 19 млн қарыз, оның ішінде 1 400-ден астам ірі қарыз алушы талданды.

    Олжас Қизатовтың айтуынша, кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешек көлемі жалпы несие портфелінің 32,5% -ын құрайды. Одан кейін шағын бизнес субъектілеріне берілген қарыздар – 18,8%, ал инвестициялық жобаларғды қаржыландыруға берілген займ– 17,3%-дың төңірегінде.

    Бұл ретте проблемалық кредиттердің үлесі 11,5% — дан 14,8% — ға немесе 509,1 млрд теңгеге өсті. Сонымен қатар, стандартты қарыздар көлемі 1,3 трлн теңгеге қысқарған. Ал кредиттік тәуекелдің едәуір ұлғаю белгілері бар несиелер, керісінше, 805,3 млрд теңгеге немесе 2,8% — дан 8,1% — ға дейін өскен.

    AQR – бұл активтердің нақты сапасын, жұмыс істемейтін кредиттер деңгейін, банктердің күтілетін кредиттік шығыны мен капиталының жеткіліктілігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін тәуекелге бағдарланған қадағалау құралдарының бірі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →