Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 23 тамыз 2026 $ 457,6 534,8 5,53
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар беруді тапсырды

    Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша көмек тағы қарастырылады.

    «Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды», — делінген хабарламада.

    Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →