Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Тоқаев Каспий теңізінің тартылуына қарсы бірлескен ғылыми зерттеулер мен технологияларды ұсынды • Қостанай облысында өрт жарылысқа айнала жаздады • Көлік сатылған соң камера айыппұлдары кімге келеді және оны қалай даулауға болады • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі жағдайға Freedom Афиша түсініктеме берді • Путинцева Ухань турнирінің іріктеу финалына шықты, Бублик Шанхайда жұптықта жеңілді • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты •

    Су тасқынына байланысты елімізде Digital Bridge 2024 халықаралық форумы өтпейтін болды

    Су тасқынына байланысты елімізде Digital Bridge 2024 халықаралық форумы өтпейтін болды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі су тасқыны жағдайына байланысты ірі іс-шаралардан бас тарту туралы тапсырмасына сәйкес Digital Bridge 2024 халықаралық ІТ-форумын өткізбеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Биыл алтыншы рет өткізу жоспарланған Digital Bridge 2018 жылы басталып, IT-индустрияның соңғы тенденциялары мен даму перспективаларын талқылауға арналған Орталық Азиядағы ең ірі алаң болды. Айта кету керек, 2020 жылы форум төтенше жағдайда — жаһандық COVID — 19 пандемиясына байланысты өткізілмеді.

    Биыл көктемдегі су тасқыны Қазақстандағы соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат болды. Осыған байланысты, ауқымды қиратулардың салдарын жою және ел азаматтарына көмек көрсету үшін қаражатты үнемдеу мақсатында Мемлекет басшысы Үкіметке жоспарланған имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізуден бас тартуды тапсырды.

    Digital Bridge ұйымдастырушылары – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Astana Hub халықаралық технопаркі форумға қатысуға мүдделі барлық адамдарға алғыс білдіреді. Қолайлы жағдайларда Digital Bridge халықаралық IT-форумы өз жұмысын 2025 жылы қайта бастайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →