Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • «Ленина!»: Көшенің қазақша атауын айтудан бас тартқан блогер жазаланды • Ұлттық банк құрамына сирек металл қосылған монета әзірледі • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды •

    АЭС салынатын ауданды таңдау қоғам талқысына шығарылады

    Биыл атом электр стансасын салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Бұл жайында Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

    «Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесін қарау бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол үшін елімізде барлық объективті алғышарттар бар», — деді ол.

    Сондай-ақ ол былтыр АЭС салуға мүмкіндік беретін технологиялардың тізімі жасақталғанын еске салды.

    «2022 жылы Қытай, Корея, Ресей, Франция сияқты елдердің жеткізушілерінің тексерілген реакторлық технологиялардың қысқа тізімі жасалды. Биыл реактор технологиясын таңдау бойынша жұмыстар жүргізіледі. АЭС-ті орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. 2023 жылы АЭС-ті салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады», — деді Болат Ақшолақов.

    Еске салсақ, бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясын салу технологиясы биыл таңдалатынын айтқан еді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →