Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ҰҚК академиясы алғашқы түлектерін шығарды, қабылдау 5000-нан асты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті • Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды • ҰҚК академиясы алғашқы түлектерін шығарды, қабылдау 5000-нан асты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Алматыда халықаралық рейстердегі жолаушы орындарының саны 13%-ға өсті • Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды •

    Қазақстанда 5,5 мың автокөлік иесі мемлекеттік нөмір алды

    Ішкі істер министрінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның брифингінде қазіргі уақытқа дейін неше шетелдік көлік заңдастырылғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    «Бүгінде автокөлікті заңдастыру бойынша 28 мыңнан астам қазақстандықтың өтініші мақұлданды. Қазіргі таңда 5,5 мың автокөлік иесі тиісті құжаттар мен мемлекеттік нөмір алды», – дейді Шұғыла Тұрлыбек.

    Ол сондай-ақ шетелдік көлікті заңдастыру үшін ХҚКО және «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтінім беруге болатынын еске салды. Тіркеуден өткеннен кейін, автокөлік иесіне қазақстандық техпаспорт пен заңдастырылған көліктің мемлекеттік нөмірі беріледі.

    Айта кетейік, 23 қаңтарда елімізде Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды. Осы орайда, Ішкі істер министрлігі заңдастыруға қатысты басты шарттарды қазақстандықтардың есіне салған еді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →