Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында жоғалған баланың денесі ашық құдықтан табылды • Эр-Рияд әуежайында ұшақ зақымдалып, халықаралық рейстер тоқтатылды • Көкшетауда 4 жастағы бала ашық кәріз құдығына түсіп көз жұмды • Алматыда ақшаға интимдік қызмет көрсеткен пәтер анықталды • Қонаевта ММА жаттықтырушысы балаларға қатысты айыптаулардан кейін қамауға алынды • Ақтөбеде тіс емдеуден кейін зардап шеккен әйел клиникаға шағымданды • Ақмола облысында жоғалған баланың денесі ашық құдықтан табылды • Эр-Рияд әуежайында ұшақ зақымдалып, халықаралық рейстер тоқтатылды • Көкшетауда 4 жастағы бала ашық кәріз құдығына түсіп көз жұмды • Алматыда ақшаға интимдік қызмет көрсеткен пәтер анықталды • Қонаевта ММА жаттықтырушысы балаларға қатысты айыптаулардан кейін қамауға алынды • Ақтөбеде тіс емдеуден кейін зардап шеккен әйел клиникаға шағымданды •

    «Докторантурада оқып жатқан»: Италияда қазақ қызын көлік қағып өлтірді

    Италияның Салерно қаласында қазақ қызы қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі Azattyq Ruhy сілтеме жасап. Қайғылы жағдай 17 қаңтарда кешке болды. Қазақстандық 27 жастағы Әсем Жарбосын жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезде оны Peugeot 308 көлігін тізгіндеген Меркато Сан-Севериноның 20 жастағы тұрғыны қағып кеткен. Апат Станислао Листа көшесінде Джузеппе Верди опера театрының жанында болған. Әсем Жарбосын Салерно университетінің докторантурасының студенті еді. L ‘ occhio di Salerno италиялық басылымының Twitter-дегі хабарламасы бойынша, көлікті басқарған 20 жастағы ер адам дереу тоқтап, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда, мамандар қыздың ажал құшқанын мәлімдеген. Кейінірек жас жігіт алкогольге тест тапсырып, ол теріс нәтиже көрсеткен.

    Жол-көлік оқиғасын тергеумен полиция қызметкерлері айналысып жатыр. Оқиға орны дереу қоршауға алынып, Станислао Листа көшесі автомобиль және жаяу жүргіншілер қозғалысы үшін уақытша жабылды.

    Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Azattyq ruhy-на қайғылы жағдайды растады. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ведомство өкілдері марқұмның туыстарымен байланыста, қазір оның денесін Қазақстанға әкелу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →