Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды Әскерилер өлімі: Нигерде екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты Ақтөбедегі жылқышының жалақысына қатысты шаруа қожалығы иесі түсінік берді Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды Әскерилер өлімі: Нигерде екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты Ақтөбедегі жылқышының жалақысына қатысты шаруа қожалығы иесі түсінік берді

    «Дала Қырандары» Жібек Жолы ауылының тұрғындарына көмекке барды

    «Дала Қырандары» Жібек Жолы ауылының тұрғындарына көмекке барды

    Фото: Видеодан алынған кадр

    «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі Жібек Жолы ауылының тұрғындарына көмекке келді. 10-ынан 11-інші сәуірге қараған түні «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері Жібек Жолы елдімекеніндегі үйінді бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Атап айтқанда, «Астана Арлан» командасында сапындағы WCB Дүниежүзілік бокс сериясының Әлем чемпионы Мейірболат Тойтов және Qazaq kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосыновтың басшылығымен Вячеслав су қоймасының жанындағы Жібек Жолы кентіне шұғыл түрде жеткен «Дала Қырандары» ЖҚБ-нің бірнеше жасағы арыны қатты ағын суды тежеп тұрған бөгеттерді нығайтты.

    Еске салсақ, «Дала Қырандары» ЖҚБ наурыз айында Қоянды ауылының тұрғындарына көмекке келген болатын. Аулаларды еріп үлгермеген қардан тазарту арқылы жергілікті тұрғындардың баспаналарына қызыл судың кіруіне жол бермеді.

    Ал 3 сәуір күні біз Астанадағы гуманитарлық көмек жинау нүктесіне көмектесті. Бұл жолы қажетті заттарды сатып алуға көмектесуден бөлек, қайырымды азаматтар жіберген азық-түлік және басқа да дүниелерді сол жерде түгендеп, оларды еліміздің су басқан аудандарына одан әрі тасымалдау үшін көліктерге тиеді. Осы аптада Тайтөбе ауылына саяхат ұйымдастырып, онда да бөгеттерін бекітті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →