Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді • Санкт-Петербургке дрон шабуылы: бір адам қаза тауып, бес адам жараланды • Астанада жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамаққа алынды • Айти-Нагоя 2026 Азия Пара ойындарында Қазақстан туы көтерілді • eGov Mobile-де отбасы әл-ауқатын бағалайтын калькулятор іске қосылды • Шымкенттегі автосервисте өрт шығып, екі жұмысшы зардап шекті • Жамбыл облысында сотталушыға тыйым салынған заттар беру әрекетінің жолы кесілді •

    Жасанды интеллект инженерлері Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат ала алады

    Фото: Pixabay

    Еңбек министрлігі мұндай жеңілдік берілетін кәсіптер санын екі еседен астам арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Informburo.kz мәліметінше, Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің саны 21-ден 51-ге артады. Жаңадан қосылған кәсіптер негізінен, Цифрлық даму, инновациялар және денсаулық сақтау салаларына тиесілі.

    Олардың қатарында жасанды интеллект инженерлері, web әзірлеушілер, мобильді қосымшаларды әзірлеушілер, компьютерлік ойындарды әзірлеушілер, ақпараттық жүйелер сәулетшілері, сервер әкімшілері, ақпараттық қауіпсіздік маманы, графикалық дизайнерлер, суретші иллюстраторлар, акушер гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар, сәулелік диагностика дәрігерлері және басқалар бар.

    Еңбек министрлігінің түсіндіруінше, жаңа тізім жасауда құзырлы министрліктерің тапсырыстары мен ішкі еңбек нарығындағы жағдай ескерілген.

    Толық тізіммен Ашық НҚА сайтындағы жобадан танысуға болады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →