Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,3↓€ 508,4↓₽ 5,48↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістанда «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті • Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдығын атап өтті: Тоқаевтың құттықтауы оқылды • Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Түркістанда «Кітаппен кемелденген ұлт» дөңгелек үстелі өтті • Ұлттық ғылым академиясы 80 жылдығын атап өтті: Тоқаевтың құттықтауы оқылды • Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді •

    Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыс етті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі akorda.kz сілтеме жасап.

    Орден табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қатар Әмірінің халық алдындағы абырой-беделін, ел басқару ісіндегі даналығы мен ерекше тұлғалық қасиеттерін, әлемдегі бейбітшілікті сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосқан зор үлесін атап өтті.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Дохада өткен кездесуде шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен стратегиялық серіктестік орнату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізгенін, екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.

    Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қатар арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жыл ішінде екі елдің өзара байланысы одан сайын дамып келе жатқанын атап өтті.

    «Жалпы, Қатар – біз үшін Таяу Шығыстағы өте маңызды серіктес. Себебі Доха біздің әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларымызға алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті. Мен мұны  бүгін шейх Тәмимнің өзіне де айттым. Оның екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Халқымыздың атынан ризашылық білдірдім», – деді Мемлекет басшысы.

    Бүгінгі келіссөздер нәтижесінде тараптар маңызды мәселелерді талқылап, 12 түрлі құжатқа қол қойды.

    «Қазақстан мен Қатар екіжақты қарым-қатынастағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа баса назар аударады. Алайда коронавирус індеті және геосаяси ахуал әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермеді. Сол себепті соңғы жылдары сауда-саттығымыз бәсеңдеп кетті. Ендігі мақсатымыз – елдеріміз арасындағы тауар айналымын жандандыру. Бұған қолайлы жағдай жасалды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →