Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді • Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді • Тоқаев Камбоджаның ұзақмерзімді стратегиясын қолдайтынын мәлімдеді • Хун Манет Қазақстанмен энергетика мен электронды үкіметтегі ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті • Ақордада Камбоджа премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті • Астанада Республика күніне орай 120-дан астам іс-шара өтеді • Кентауда зауыт сорғы станциясында өрт шығып, толық сөндірілді • Қайрат Нұртас Қызылордадағы концертін 20 қазанға шегерді •

    Қайрат Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындады

    Қайрат Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындады , деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Ол «Қазақтелеком» компаниясының қаржысын талан-таражға салып, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деп айыпталып жатыр.

    Адвокаттың сөзіне сенсек, тараптар қылмыстық іс бойынша кінәсін толық мойындап отыр. Қайрат Сатыбалдының өзі болса осындай іске барғанына өкініп, шығынды толық өтеп беруге ниет танытқан. Оның адвокаты Қылмыстық іс бойынша татуласу көзделгенін сөз етті. Бірақ, қылмыстық істі тоқтату бойынша әзірге арыз-шағым түсірмейтіндерін айтты. Алайда, Қайрат Сатыбалдының кінәсін мойындап, шығынды өтеп беруге дайын екендігі туралы құжатты іске тіркеді.

    Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қайрат Сатыбалдының соты өтіп жатыр. Судья журналистерге Қайрат Сатыбалдының сот отырысынан бейне-аудио жүргізуге тыйым салды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Сатыбалдыны «Қазақтелеком» ұлттық компаниясының қаражатын талан-таражға салды деген айыппен осы жылдың көктемінде қолға түсірген болатын. Шығын көлемі шамамен 12 млрд теңге.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →