Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды •

    Тұрғындар жолды жапты: Алматы облысында қайғылы жағдай болды (ВИДЕО)

    Алматы облысына қарасты Талғар ауданында тұрғындар республикалық маңызы бар жолды жауып тастады. Бұған 10 жастағы баланы көлік қағып кетуі себеп болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 қыркүйекте сағат 18:45 шамасында болған.

    «Тoyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық ауылында Жетіген-Алматы автожолының бойында жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жасар баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында мерт болды», – делінген хабарламада.

    Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

    Жаңалық ауылының тұрғындары кісі өліміне алып келген жол апатының бұған дейін де болғанын айтады. 17 тамызда Тереңқара ауылында көлік 3 баланың анасын қағып кеткен. Бұл кезде де тұрғындар жолды жауып, қауіпсіздікті күшейтуді сұраған.

    Ал ауыл әкімі тас жол республикалық маңызға ие болғандықтан, аудан өз бетінше жарықтандыру жүйесін және жол белгілерін орната алмайтынын айтқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →